Бұл туралы AtyrauPress ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 млн теңгені алған кезінде судьяны парамен ұстады.
Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған.
Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.