Атырау облысында шетелде тіркелген көлік апатқа ұшырады

Бұл туралы AtyrauPress ооблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, дәл сол көліктің жүргізушісін полицейлер бір сағат бұрын тоқтатып, жолда абай болуын ескерткен. Соған қарамастан, көлік жол апатына ұшырады. 

"20 шілде күні сағат 14:35 шамасында Өзбекстан Республикасында тіркелген Lada Largus автокөлігінің жүргізушісіне Индербор кенті тұсында жылдамдық асырмай, алыс сапарда шаршаңқы күйде көлік басқармай, көлікке жүк тиелгендіктен басып озу қағидаларын қатаң сақтау керектігі ескертілген. Аталған автокөлік  2 сағаттан соң, 16:40 шамасында Орал-Атырау тас жолында аударылып жол апатына ұшыраған. Абырой болғанда көлік жүргізушісі мен 6 жолаушысы дін аман", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, атыраулық полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Полицейлер облыс және аудан орталықтарынан шыға беріс тасжолдарда барлық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін назардан шығармау қажеттілігін айтып түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА