11 Қазан, 2022 223

Атырау облысында құрылыс материалдарын өндіретін 50 кәсіпорын қызмет атқарады

 Атырау облысында құрылыс материалдарын өндіретін 50 кәсіпорын қызмет атқарады

Бұл туралы Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы бойынша құрылыс материалдарын өндіру көлемі       жыл басынан бері 10,8 миллиард теңге құрады. Оның ішінде тауарлы бетон – 414 613 тонна, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары – 48 042 тонна, ғанышкартон – 3 млн 899 мың 014 м2, бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар – 12 118 тонна.


- Атырау облысы бойынша жыл басынан бері құрылыс материалдарының сыртқы сауда айналымы - 8,3 миллион АҚШ долларын  құрады, оның ішінде импорт – 8,1  миллион АҚШ доллары, деді Қ.Бекбаева.


Айта кетейік, Атырауда жыл басынан бері құрылыс материалдарының сыртқы сауда айналымы 8,3 млн АҚШ долларын құрады.