08 Шілде, 2022 323

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адам COVID-19 жұқтырған

 Атырау облысында өткен тәулікте 14 адам COVID-19 жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адам COVID-19 жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 14 науқас анықталды. Атырау қаласында - 9, «Теңіз» кен орнында - 4, Жылыой ауданында - 1 жағдай расталды.

11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Қазір 49 адам үй жағдайында, ал № 2 Атырау облыстық ауруханасында 21 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.