Атырау облысында мектептер мен колледждер қашықтан оқытуға көшеді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен өткен Жедел штаб отырысында 15 желтоқсан күні облыс аумағындағы қала, аудан және ауыл мектептері мен колледждерде оқу процесін қашықтан, онлайн форматта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Аталған күні барлық білім беру ұйымдарында сабақтар қашықтан оқыту режимінде, бекітілген оқу кестесіне сәйкес өтеді.

"Ата-аналар мен білім алушылардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және ресми ақпарат көздерін тұрақты түрде қадағалап отыруды сұраймыз" деп ескертеді жауапты мамандар.