Атырау облысында медицина мамандықтарына грант тізімі жарияланды

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиев Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Атырау облысының әкімдігі 2023-2024 оқу жылдарына арналған жергілікті бюджет есебінен бакалавриат және резидентураға конкурстық негізде төмендегідей мамандықтар бойынша білім беру гранттары бөлінгенін хабарлайды. Тізбеде көрсетілмеген мамандықтар бойынша ұсыныстар түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссия отырысында қаралатынын хабарлайды», - деп жазды ол.

Бөлінген грант тізімі мынадай: жалпы медицина – 25, резидентура – ересектер мен балалар акушерлігі мен гинекологиясы - 12, ересектер мен балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы - 10, клиникалық зертханалық диагностика - 5, ересектер мен балалар неврологиясы - 5, неонатология - 5, онкология – 5 және тағы басқа. 

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясына жоғары білім беру грантын беру үшін 15 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру үшін 27 тамызға дейін республикалық бюджеттен білім беру гранттарын берудің қорытындысы жарияланғаннан кейін өткізіледі.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА