Атырау облысында мақсатсыз пайдаланған жерлер мемлекетке қайтарылды

Мақат ауданының прокуратурасы 7 кәсіпкерлік мақсаттағы, сонымен қатар 5 ауыл шаруашылық жер учаскелерін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура тарапынан пайдаланбай отырған жерлерді анықтау және міндетті жер төлемдерін өндіру заңдылығына жүргізілген талдау барысында кент аумағында және Қарабатан елді мекенінде орналасқан кадастрлық құны 414,2 млн теңге 7 кәсіпкерлік мақсаттағы, сонымен қатар 9,7 млн теңгенің 5 ауыл шаруашылық жерлерін анықтады.

Енгізілген актілер негізінде кадастрлық құны 7,2 млн теңге болатын 7 мың гектар, 2 ауыл шаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылды.

Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан қалған 10 жер иелеріне 1 жыл мерзім ішінде нысаналы мақсаты бойынша жерді пайдаланып, игеруге нұсқама берілді. Егер олар 1 жыл ішінде осы нұсқаманы  орындамаса Жер кодексінің талаптарына сәйкес олардың иелігіндегі жер телімі мәжбүрлі түрде алынады.

Сондай-ақ міндетті жер төлемдері бойынша 16,2 млн теңге мемлекеттік бюджетке өндірілді.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА