Атырау облысында «Мақат сақасы-2023» облыстық турнирі аяқталды

Мақат ауданында асық ату және бес асық бойынша өткен облыстық турнирге 11 командадан құралған 105 спортшы қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирге Атырау қаласы, Жылыой, Мақат, Махамбет, Исатай, Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандары мен Батыс Қазақстан облысынан келген командалар бақ сынады.

Спорттық сайыстың қорытындысы бойынша әйелдер арасында өткен бес асық жарысында Исатай ауданынан келген команда бірінші орынды жеңіп алды. Ал индерліктер екінші орынға ие болса, қызылқоғалықтар үшінші орынды місе тұтты.

 Ал, ерлер арасында асық атудан мақаттықтарға жетер ешкім болмады. Олар бірінші орынға ие болды. Екінші орын - Доссор кенті командасына, ал үшінші орын - Бәйгетөбе ауылдық округінен келген команда ойыншыларына бұйырды. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА