2025 жылғы 26 қазанда Атырау облысында бірқатар округтер бойынша мәслихат депутаттарын сайлау өтуде.
Аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, сайлау Жылыой аудандық мәслихатының №96, №103 және №104 сайлау округтері, Индер аудандық мәслихатының №112 сайлау округі, Исатай аудандық мәслихатының №128 және №129 сайлау округтері, сондай-ақ Мақат аудандық мәслихатының №213 сайлау округі бойынша тағайындалды.
Дауыс беру босаған депутаттардың орнына өткізіліп жатыр.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық.