Биыл облыста әлеуметтік осал топтар үшін 195 тұрғын үй сатып алынатын болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық құрылыс басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылға облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға арнап сатып алынатын үйлердің мәселесі талқыланды.
«2024 жылы қала, аудан әкімдерінің ұсыныстарына сәйкес 195 пәтер сатып алу жоспарлануда. Оның ішінде қалада 130 пәтер, ал ауданда 65 пәтер алынады», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, былтыр республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға берілетін нысаналы трансферт есебінен 262 пәтер сатып алынды. Атап айтқанда: Атырау қаласында - 132, Индер ауданында - 10, Құрманғазы ауданында - 20, Қызылқоға ауданында - 64, Мақат ауданында – 14 және Махамбет ауданында 22 пәтер тұрмысы төмен отбасыларға берілген.
«Бүгінде Атырау қаласының тұрғындарына 132 пәтердің кілті табысталса, Мақат ауданының тұрғындарына 12 пәтердің, Махамбет ауданының тұрғындарына 21 пәтердің, Қызылқоға ауданы тұрғындарына 60 пәтердің кілті табысталды», - делінген хабарламада.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: freepik.com