Атырау облысында Конституцияның 30 жылдығына орай еңбек майталмандары марапатталды

Мерекелік жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңір тұрғындарын атаулы датамен құттықтады. Аймақ басшысы ел егемендігі мен Ата Заңның нәтижесінде атқарылып жатқан ілкімді жұмыстарға тоқталды. 

- 30 жыл бойы Конституциямыз демократиялық қағидаттар мен құқықтық нормаларды орнықтырып, әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың берік негізін қалыптастырды. Бұл – бүкіл халқымыздың ортақ еңбегі мен мызғымас ынтымағының жемісі. Атырау өңірі де Конституцияда айқындалған қағидаттарды жүзеге асыруда айрықша үлес қосып келеді. Аймақта мұнай-газ саласы қарқынды дамып, жаңа өндіріс орындары ашылды. Жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. Жолдар салынып, әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Бұл жетістіктер – мемлекетіміздің заңға сүйенген тұрақты даму саясатының айқын нәтижесі,- С.Шәпкенов. 

Салатанатты іс-шара барысында  ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығымен құрылыс саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат наградталды: 

«Құрмет» орденімен – еңбек ардагері Рауила Дощақова;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен 

 «ГрандМастер» ЖШС прорабы Байқоңыр Арыстанов, еңбек ардагері Ізімберген Санбаев; 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен  «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС дәнекерлеушісі Дархан Асильев, еңбек ардагері Жұмагелді Жүнісов, «БатысАльянсСтрой» ЖШС байланыс дәнекерлеу операторы Саламат Иманғазиев, «Диар және Компания» ЖШС прорабы Ерлан Тәжіғұлов, «TSG Construction» ЖШС прорабы Серік Төлепов. 

ҚР Президентінің Жарлығымен көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін келесі атыраулықтар наградталды:

«Құрмет» орденімен —
«Қазақстан темір жолы Ұлттық Компаниясы» АҚ Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының аға электромеханигі Бекқали Қайнарбаев, еңбек ардагері Мәдениет Рахметов; 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен — 
«Қазақстан темір жолы Ұлттық Компаниясы» АҚ – Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының Мақат қалпына келтіру пойызының бастығы Саламат Кекілбаев.

Сондай-ақ бірқатар азамат «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 
Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.