Атырау облысында құтқарушылар жоғалған балықшыларды тапты

Құтқарушылар әкесі мен баласын "Нарын" каналының бойынан тапты. Олардың көлігінде аккумулятор отырды, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

18 тамызда 1954 ж. т. ер адам 2015 ж. т. ұлымен бірге Атырау қаласынан Махамбет ауданына қарай балық аулауға автокөлікпен шыққан. Азаматтар  ұзақ уақыт байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. 

Іздеуге шыққан ТЖМ құтқарушылары оларды Махамбет ауданының Көздіқара елді мекеніне жақын орналасқан "Нарын" каналының бойынан тапты. Автокөліктегі аккумулятор отырып қалғандықтан, олар  үйлеріне орала алмаған. 

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде бүгін сағат 11:14-де жоғалған азаматтар Махамбет ауданы Махамбет ауылынан 25 км қашықтықтағы Көздіқара ауылы  «Нарын» каналының бойынан табылды. Медициналық көмекті қажет етпейді. 

"Аталған жұмысқа Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушы, 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құрметті Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. тТөтенше жағдай кезінде 112 нөмеріне хабарласыңыз"-Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аружан Ажимкулова