Төтенше жағдай жарияланған Жылыой мен Қызылқоғада эпидемиологиялық маңызды нысандарды су басты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айта кетейік, су тасқынынан Қызылқоғаның сегіз ауылы зардап шегіп отыр. Бұлар – Миялы, Тайсойған, Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану, Аққора, Балабейіт және Дәулетиман. Сондай-ақ, Миялы мен Жангелдин ауылдарындағы бейіттер мен мал қорымдары да су астында қалды. Сол сияқты, Миялы мен Қоныстануда полигондарды және Қарасу ұңғымасын су басты.
Мамандар судан сынама алып, әзірге ешқандай ауру белгісін анықтай қоймады. Әйтсе де, нақтысы су қайтқан соң ғана белгілі болмақ.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com