Жол картасына сәйкес, апатты үйлерді көшіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Данияр Ғарифулланың айтуынша, қазіргі уақытта облыста 217 апатты үй тіркелген.
Олардың ішінде Атырау қаласында — 93 үй; Жылыой ауданында — 97 үй; Индер ауданында — 13 үй; Қызылқоға ауданында — 10 үй; Исатай ауданында — 3 үй; Құрманғазы ауданында — 1 үй.
«Апатты үйлерді кезең-кезеңмен шешу бағытында облыс әкімімен Жол картасы бекітілді. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлу арқылы үй сатып алу және жеке инвесторларды тарту тетіктері алқылысы жұмыстар жалғастырылуда. Жол картасы аясында 2023 жылы 13 апатты үй (101 пәтер), 2024 жылы 24 көпқабатты апаты үй (273 пәтер) көшірілді. Бұдан бөлек, 2024 жылы Мақат ауданында апатты жеке үйлер және барак типтес 17 үй (34 пәтер) көшірілді»,- дейді Данияр Ғарифулла.
Жол картасына сәйкес апатты үйлерді көшіру жыл сайын кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. 2025 жылы 224 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.
Жанат Шаяхметова
Фото freepik