Атырау облысында қамыс өрті толықтай сөндірілді

Атырау қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан далалық аумақта тұтанған қамыс өрті жойылды. Жалын 475 гектарға жуық жерді қамтыған.


Атырау қаласы Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым жерде орын алған қамыс өрті 3 мамыр күні таңғы уақытта толықтай жойылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен “АқЖайық” мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жұмылдырылды. Нақты 75 гектар аумақтағы өрт бірлескен күшпен сөндірілсе, тағы 400 гектарға жуық аумақтағы өрт өздігінен басылды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 475 гектарды құрады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 101 адам мен 21 техника қатыстырылды. Оның ішінде ТЖД тарапынан – 76 қызметкер мен 12 техника, ал “АқЖайық” МТР-нан – 25 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Қайталанатын өрттің алдын алу мақсатында оқиға орнында Атырау облысы ТЖД-ның 15 маманы мен 2 техникасы тәулік бойы кезекшілікке қойылды. Аталған аумақ тұрақты бақылауға алынған.

Фото freepik