Атырау облысында қайғылы жағдай орын алды... (+ВИДЕО)

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

18 мамыр күні сағат 15:25 шамасында Индер ауданы, Бөдене ауылы С.Датов көшесінде мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан жаяу жүргінші жасөспірім, ауруханада жансақтау бөлімінде қаза тапты.

Айта кетейік, мопед көлік құралының жүргізушісіне яғни, кәмелетке толмауына орай құқық бұзғаны үшін, заңды өкіліне наурыз айында әкімшілік хаттама толтырылды. Алайда ескертуге қарамастан жасөспірім басқару құқығын жалғастырған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ