Атырау облысында футбол ойынының соңы өліммен аяқталды

Атырау облысында жас жігітті пышақтап тастаған, деп хабарлайды Аstanatv.kz.

Сағыз ауылының жас жігіттері жолдастық кездесу өткізу үшін спорт кешеніне жиналған. Ойын барысында өзара сөзге келіп, жанжал сыртта жалғасыпты. Төбелес салдарынан бір студент ауруханаға түскен. Сонымен қатар жақында ғана әскерден оралған 22 жастағы жігіт суық қарудан көз жұмды.

Полиция Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабымен тергеуді бастады. Күдікті ретінде 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ауыл әкімдігінің өкілдері үнемі достық байланыста жүрген балалардың бұл қылығын өздері де түсінбей отырғанын айтады.

- Таңғы төртке дейін осы істің басында жүрдік біз. Бірге футбол ойнап, бірге әкімдіктің кез келген шараларына қатысып жүрген белсені жастар. Бұлардың арасында бұған дейін ондай келіспеушілік орын алған жоқ. Біз өзіміз түсінбей жатырмыз, - дейді Сағыз ауылы әкімінің орынбасары Әйгерім Кеңесова.