Атырау облысында ешкімнен COVID-19 анықталмады

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңір тұрғындары арасында COVID-19 анықталған жоқ, қауіпті инфекциядан 28 адам емделді. 

Қазір 273 адам үй жағдайында ем алуда, модульдік ауруханада 27 науқас жатыр, 
аудандық инфекциялық стационарларда - 4 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта орналасқан.