Атырау облысында екі қой ұрлағандар сотталды

Махамбет ауданының қос тұрғыны мал ұрлығы үшін жазаланды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облысы Махамбет аудандық сотының ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен  сотталушылар А., С., Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушылар А., С., Т. Махамбет ауданында жәбірленуші К.-нің жабық қорасына заңсыз кіріп, екі бас қой малын ұрлап, оларды аудан тұрғынына сатып жіберген.

Сотталушылардың қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері нәтижесінде  жәбірленушіге 250 000 теңге материалдық зиян келтірілген», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сотталушылар кінәлі деп танылып, олардың 18 жаста екендерін, отбасылық жағдайлары, сонымен қатар А.-ның мүгедек екені және жәбірленушімен татуласып, шығынның орны толтырылғаны ескерілді. Екеуі де 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото:freepik.com