23 Қазан, 2022 931

Атырау облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты

 Атырау облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты

Оқиға салдарынан бес адам көз жұмды.

"22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы облыстық тасжолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты.

Toyota Ipsum көлігінде болған 3 жолаушы және Lada Granta автокөлігіндегі 2 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқарып жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.