02 Шілде, 2022 512

Атырау облысында жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласады

 Атырау облысында жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласады

3 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында және орталығында желдің жылдамдығы секундына.15-20 метрге жетеді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД-нің Қоғаммен байланыс тобы хабарлайды. Ал Атырау қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз оның екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.