Атырау облысында дауыл тұратыны туралы ескертілді

Бұл туралы AtyrauPress тілшісі Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Түнде және дауылды күндері ұзақ сапарға шықпай, алыс жерге жаяу бармаңыздар.  Көлік қозғалысына қойылатын шектеу және ауа райы жағдайы туралы «112» байланыс операторынан келетін SMS хабарламадағы ақпаратпен уақытылы танысып отырыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің берген мәліметі бойынша, бүгін секундына 15-20 метрге дейін жел тұрып, сынап бағанасы -17 градусқа дейін төмендеді.  Осыған орай, облыстағы барлық мектеп оқушылары қашықтан оқуда.

Эльмира Мықтыбаева

Фото: freepik.com