Браконьерліктің ізін кесу мақсатында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері рейд іс-шарасын жүргізді, деп хабарлайды AtyraPress тілшісі.
Рейд барысында Құрманғазы ауданының Иголкинский каналы аумағындағы Птичий уаскесінде мемлекеттік нөмірі жоқ 3 мотоциклді тізгіндеген Котяевка ауылының тұрғындары ұсталды. Олардан 3 қапқа салынған 155 келі сазан, мөңке, шортан, ақмарқа секілді балық тәркіленді. Сонымен қатар балық аулау барысында рұқсат етілмеген 3 дана тор мен сүймен табылды.
Оқиға орнына Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.
Бұл жайт ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді. Браконьерлердің балық ресурстарына алдын ала келтірілген залалы 786 мың 950 теңгені құрап отыр.
Эльмира Мықтыбаева