Атырау облысында бір тәулікте 486 адам COVID-19 жұқтырған

Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 486 науқас анықталды. 

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 332 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 26 науқас анықталды. Ал, 40 - Жылыой ауданында, 16 - Индер ауданында, 8 - Исатай ауданында, 25 - Қызылқоға ауданында, 25 - Құрманғазы ауданында, 9 - Мақат ауданында, 15 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

 Коронавирустық инфекциясы бар 235 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 251 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 100 адам емделді. Қазір 5 381 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 56, модульдік ауруханада - 170, фтизиопульманологиялық орталықта - 44 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 77. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 285 науқас ем алуда.

 Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.