Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 145 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 90 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 8 науқас анықталды. Ал, 23 - Жылыой ауданында, 2 - Индер ауданында, 3 - Исатай ауданында, 9 - Қызылқоға ауданында, 7 - Құрманғазы ауданында, 0 - Мақат ауданында, 3 науқас - Махамбет ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 73 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 72 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 562 адам емделді.
Қазір 5 664 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 20, модульдік ауруханада - 124 фтизиопульманологиялық орталықта - 50 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 50. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.