Атырау облысында басқармалар саны қысқарады

Облыста жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында 22 басқарманы 19-ға дейін азайту жоспарланған, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясында айтылды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Болат Исақов кей басқармалардың біріккенін атап өтті.

- Облыстық құрылыс басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармасы біріктіліп, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылады. Ауыл шаруашылығы мен Жер қатынастары басқармалары біріктіріліп, Атырау облысы ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасы құрылады. Балық шаруашылығы басқармасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қосылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және туризм, кндустриялық-инновациялық даму, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармалары Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Атырау облысы спорт және туризм басқармасы, Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасы, Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы болып өзгереді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен қаржы басқармасы Атырау облысы экономика және қаржы басқармасы және Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы болып өзгереді. Қолдауларыңызды сұраймын,- деді Б.Исақов.

Бұл ұсыныс депутаттар тарапынан қолдауға ие болды.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА