Атырау облысында балық қырылып жатыр... (+ВИДЕО)
Жылой ауданындағы Соленое каналында балық өлімі тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы біз облыстық экология департаментінен сұрастырып білдік.
"2 қаңтарда Атырау облысының Жылой ауданындағы Соленое каналында балық қырылуы туралы ақпарат келіп түсті. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2024 жылғы 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орнынға шықты. Ақпарат түскен сайын жаңартылады" делінген жауапта.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ