Бұл туралы AtyrauPress Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап хабарлайды.
Сотта талап қоюшы Д. мен жауапкер С. ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған жасөспірім ұлы анасымен бірге тұрған.
“Баланың анасы өзінің талап арызында ұлының Атырау жоғарғы медициналық колледжінің ақылы күндізгі бөлімінде оқитынын алға тартты. Алайда әкесі өз еркімен алимент төлемеген. Осыған байланысты, талап қоюшы жауапкер С.-дан ортақ ұлын оқытуға жұмсалған соманың жартысын өндіруді сұрады”, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Істі қарау барысында тараптарға татуластыру рәсімдерінің тиімділігі түсіндіріліп, нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді.
Келісім шарттарына сәйкес жауапкер ұлына оқу ақысын төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: Freepik