Ауа райының нашар болуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды AtyrauPress Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
«Қазавтожол» АҚ деректері бойынша 2024 жылғы 6 ақпанда сағат 19:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар А-27 "Ақтөбе - Атырау" тасжолының 330-487 км тұсы жабық. Анықтап айтқанда, Сағыз селосынан Ақтөбе облысы шекарасына дейінгі тұсында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Фото: freepik.com