Атырау облысында өткен эпидемиялық маусымда облыста тұмауға қарсы 67 мың 111 адам егілді. Бұл - халықтың жалпы санының 10,1%-і деп хабарлайды AtyrauPress.
Жалпы, жергілікті бюджет қаражатынан 65 мың адам егілді. Ал жұмыс берушілер есебінен 2 мың 111 атыраулыққа вакцина салынды.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация екені белгілі. Сондықтан биыл жергілікті бюджет қаражатына Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында тұмаудың A /H3N2/, A/H1N1/ және B –штаммдарының антигендері бар.
Ең әуелі медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлерінің, сабилер үйлерінің балалары, қарттар үйіндегілер, жүкті әйелдер тұмауға қарсы вакцина алды.
Айта кетейік, 1 қазаннан бастап облыстағы барлық емханаларда тұмауға қарсы вакцинация басталады.
Мира НҰРТАЕВА