Елімізде жалпы қант қоры 26,9 мың тонна деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда желілеріндегі, өңдеуші кәсіпорындардағы, қоймалардағы және тұрақтандыру қорларындағы, сонымен қатар өңірлермен форвардтық келісімшарттар бойынша жасалған қант қоры 26,9 мың тонна деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, республиканың қантқа деген жылдық қажеттілігі орташа есеппен – 550 мың тонна. Ведомствоның мәліметінше, отандық шикізатты өңдеу және құрақ шикізатын өңдеу арқылы ішкі нарықты қамтамасыз ету 43% болса, оның ішінде қызылша қанты 7%, құрақ қант шикізаты 36% болып отыр.
2021 жылы республикада ішкі қантты тұтыну көлемі 532,5 мың тонна қант болды. Мысалы, қант зауыттары 226,7 мың тонна қант, оның ішінде 35,7 мың тонна қант қызылшасы және 191 мың тонна құрақ қант өндірді. Тұтынудың жалпы көлеміндегі қант импорты 308,5 мың тонна немесе 57% құрайды. Ресей Федерациясынан импорттың жалпы импорттағы үлесі 88,3%, Беларусь - 11,5%, басқа елдерден - 0,15% құрады, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Бұл ретте облыс әкімдіктері 2022 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша бөлшек сауда желілеріндегі, өңдеуші кәсіпорындардағы, қоймалардағы, тұрақтандыру қорларындағы, сонымен қатар өңірлермен форвардтық келісімшарттар бойынша жасалған қант қоры 26,9 мың тонна болатынын хабарлады. Оның ішінде:
Ақмола облысында – 514,4 тонна,
Алматы облысында – 2093,7 тонна,
Атырау облысында – 411 тонна,
Абай облысында – 346 тонна,
Шығыс Қазақстан облысында – 1001,5 тонна,
Жамбыл облысында – 390,5 тонна,
Жетісу облысында – 2351 тонна.
Батыс Қазақстан облысы – 402 тонна,
Қарағанды облысы – 900,6 тонна,
Қызылорда облысы – 528,7 тонна,
Қостанай облысы – 1167,7 тонна,
Маңғыстау облысы – 365,7 тонна,
Павлодар облысы – 1537,7 тонна,
Солтүстік Қазақстан облысы – 912,3 тонна,
Түркістан облысы – 912,3 тонна.
Ұлытау облысы – 150 тонна,
Алматы – 8869 тонна,
Нұр-Сұлтан – 2695 тонна,
Шымкент – 1310 тонна.
Дегенмен бұл күн сайын сатылатын және толықтырылатын белгілі бір уақыттағы қант қоры екені атап өтіледі. Сонымен қатар отандық зауыттардың қант өндірісі тоқтамай, қорлар үнемі толықтырылып отырады.