Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Аймағамбетовтың айтуынша, ҰБТ ең төмен нәтижені үш облыс көрсеткен. Шекті баллды Маңғыстау облысында 38%, Түркістан облысында 37%, Атырау облысында 35,4% түлек жинай алмады.
Жалпы, шекті баллға жетпеген түлектердің саны айтарлықтай азайғанын айта кеткен жөн. Өткен жылы ол 40 пайызға жуықтаса, биыл 30 пайыздан сәл жоғары. Дегенмен, бұл көрсеткішке көңіліміз толмайды. Әр облыс, әр мектеп тиісті талдау жүргізуі керек, - деді Асхат Аймағамбетов жедел кеңесте.
Министр небәрі бес түлегі бар мектепті мысалға келтірді. ҰБТ кезінде оның үшеуі шекті баллға жете алмайды. Әйтсе де, мұндай шағын жинақталған мектептерде мұғалімдер жеткілікті.