Бұл туралы AtyrauPress тілшісі ranking.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселен, елімізде Семей атты – 27, Түркістан атты – 15, Атырау есімді – 15, Тараз есімді – 14, Ақтау есімді – 10, Актөбе есімді – 1 және Талдықорған есімді 1 адам бар.
Бұдан бөлек, 24 Астана, 20 Алматы мен 3 Шымкент есімді азаматтар тұрады.
Ал 24 адамға Қазақстан есімі қойылған. Олардың басым бөлігі Ақмола облысында тұрады. Жалпы саны – 7 адам.
Сонымен қатар, Астана қаласы мен Қарағанды облысында 4 адамнан, Қостанай облысында – 3, Маңғыстау облысында – 2, Шымкентте – 2 және Батыс Қазақстан облысында 1 адам өмір сүреді.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: Амандық Сағынтайұлы