Атырау облысына жұмыс істеуге африкалықтар келіп жатыр

Атырау облысында жұмыс істеуге Африканың бірнеше елінен азаматтар келген.

Олар қарапайым жұмысшы емес, инженер болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, облыс аумағында 109 қара нәсілдіге жұмыс істеуге рұқсат берілген.

109 адамға облыс аумағында жұмыс істеуге рұқсат бердік. Олар III санат бойынша жұмыс істейді. Яғни инженер лауазымында қызмет атқарады. Олардың жалақылары туралы мәлімет жоқ, - дейді басқармадағылар.

Бейресми деректерге сүйенсек, Африкадан келген жұмысшылар - Нигерия, Зимбабве және Оңтүстік Африка Республикасының азаматтары. Олар Атырау маңында орналасқан Қарабатанда жұмыс істеп жатыр. Ал Қарабатанда Қашаған мұнайы өңделеді. Экспресс К тілшісі Қашағанның басты операторы NCOC компаниясына ресми сауал жолдап еді, жауабы келмеді.