Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

Президент Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып Серік Шапкенов тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылып, орнына Серік Шапкенов тағайындалды. Серік Шапкенов еңбек жолын 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылықтан бастаған. 2001 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы болды. 2002 -2012 жылдары мемлекеттік қызметте қаржы басқармасының жетекші маманынан бастап Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысына дейінгі лауазымдарды атқарды. 2012 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, тамыз айында бірінші орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың шілдесіне дейін ҚР Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымын атқарды. 2016 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Атырау қаласының әкімі, кейін облыс әкімінің орынбасары болып, өткен жылдың қаңтарында Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрі болып тағайындалды.