Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыстың жануын жоюда

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД-нің Қоғаммен байланыс тобы хабарлайды.

2022 жылғы 1-8 желтоқсан аралығында Каспий теңізі жағалауының бойында, Дамба ауылынан 30 км жерде қамыс өсімдіктерінің жануы бойынша, жанып жатырған аумақ батпақты және оқиға орнына техниканың бару мүмкіндігі болмағандықтан, Атырау облысы ТЖД қызметкерлері (11 адам, 2 бірлік техника) "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерват қызметкерлерімен бірлесіп, кезекшілік ұйымдастырылған болатын.

2022 жылғы 9 – 12 желтоқсан аралығында Атырау облысы ТЖД күштері "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерват қызметкерлерімен бірлесіп қамыстың жануын сөндіруде. Жанудың жалпы аумағы шамамен 41 га құрайды, оның бүгінгі күні 37 га ауыздықталды.

Тілсіз жауды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендер үшін қауіп жоқ. Жағдай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.