Атырау облысы тұрғындарының көлік салығы бойынша берешегі 355 миллионға жеткен

Облыстағы 9 мыңға жуық тұрғын көлік салығын төлемеген. Олардың берешегі қазір 355 млн теңгені құрап отыр. Негізгі қарыз 283 млн теңгеге жуықтаса, қалған 72 млннан астамы – өсімпұл. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төл

Ең үлкен қарыз сомасы Атырау қаласында тіркелген. Шаһар тұрғындары көлік салығы бойынша  278 млн теңге көлемінде берешек. Одан кейін Жылыой ауданындағы автокөлік иелері 37 млн теңге көлемінде салық төлемеген. Ал Құрманғазы ауданының жүргізушілері мемлекетке 16,5 млн теңге қарыз.

-Көлік иелерінің көбі салыққа салғырт қарайды. Көлік салығы айлық есептік көрсеткіш негізінде есептелетіндіктен, жыл сайын өсіп отырады. Оның үстіне жеңіл автокөлік 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін құрастырылса немесе осы уақыттан кейін Қазақстан аумағында тіркелген болса, онда салық көлемі тіптен ұлғаяды. Мысалы, 3000-3200 текше сантиметр – 35 АЕК, 3200-3500 текше сантиметр – 46 АЕК, 3500-4000 текше сантиметр – 66 АЕК, 4000-5000 текше сантиметр – 130 АЕК және 5000 текше сантиметрден жоғары – 200 АЕК деп белгіленген, деді Н.Сарманов.

Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын орнату арқылы салық көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады.

 

Фото ашық дереккөздерден алынды