13 шілдеден бастап 20 шілдеде аяқталатын мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін «электрондық үкімет» порталы арқылы құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Конкурсқа ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша жалпы конкурс сияқты шекті балл жинаған үміткерлер жіберіледі:
- ұлттық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) түсу үшін – кемінде 60 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» саласына – кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» салаларына − кемінде 60 балл;
- басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» саласы бойынша – кемінде 70 балл.
Жас атыраулықтар үшін 1 500 грант бөлінді, ал мамандықтар бойынша бұл сан келесідей:
Педагогика ғылымдары – 283 грант;
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 49;
6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 561;
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 607.
Қосымша ақпарат пен гранттар тізімін мына сілтеме бойынша алуға болады:
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА