«Атырау облысы Су Арнасы» түсініктеме берді

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына аяздың басталуына және судың жылдамдығының төмендеуіне байланысты қала мен қала маңындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету көзі болып табылатын Жайық өзенінде мұздың қалыптасқанын мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осы себепті су алатын құрылыстардың сорғы станцияларынан су алынатын жерлерде мұз пайда болды.

"Бұл құбылыс қаланың су қабылдағыш құрылымдарының жұмысын тоқтатты. Қазіргі таңда «Атырау облысы Су Арнасы» КМК қызметкерлері қаладағы су тарту құрылыстарын іске қосу үшін барлық қажетті шараларды жасауда. Мұз кептелісі тазартылғаннан кейін су жүйелі түрде беріледі" делінген хабарламада.