Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымына Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Салауат Өтеғұлов Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Әлемдік экономика» мамандығы және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Құқық» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
06.2001 – 08.2002 жылдар аралығында Индер ауданы «Есбол» АҚ-да слесарь;
08.2006 – 10.2007 жылдар аралығында Атырау облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маман;
10.2007 – 02.2008 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік жоспарлау бөлімінде уақытша бас маман;
02.2008 – 04.2008 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы;
04.2008 – 12.2009 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы;
12.2009 – 06.2013 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы;
06.2013 – 09.2013 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы;
09.2013 – 07.2019 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;
07.2019 – 07.2021 жылдар аралығында Индер ауданы әкімінің орынбасары;
07.2021 – 09.2022 Индер ауданының әкімі қызметін атқарды.