Атырау облысы әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен кетті

Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары қызметінен босады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Ол өз еркімен қызметінен кетті. Қайрат Бекенов құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жауапты болатын.
Айта кетейік,  бұған дейін облыс әкімінің екі бірдей орынбасары Серік  Айдарбеков пен Нариман Таушов жұмысынан босатылды.