Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы Мемлекет басшысының 2022 жылының 16-наурызындағы Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны 2 адамға қысқартылды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары С.Айдарбеков пен Н.Таушовтың штаттық орны қысқартылды.