Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер! Баршаңызды еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің шежіресі дегеніміз – қуатты мемлекетіміздің дамуы жолындағы жарқын жетістіктер мен жасампаз істердің жиынтығы. Әлемнің саяси картасында егеменді мемлекет пайда болған бұл күн ынтымағы жарасқан халқымыз үшін қастерлі мереке болып саналады. Сол себепті Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекеттілігіміздің мәңгі болуы үшін еңбек ету – баршамыздың қасиетті міндетіміз.

Қазақстанда жаһандық сын-қатерлерге жауап беруге және бүкіл қоғамның мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретін, шын мәнінде, тағдыршешті тарихи маңызды реформалар жүргізілуде. Еліміздің табысты дамуы дегеніміз бұл, бірінші кезекте, әр шаңырақтағы шалт тұрмыс пен шаттыққа толы өмір. Өз кезегінде, облыс жұртшылығы Отанымызға қалтқысыз қызмет жасап келеді. Біздің киелі өңіріміз Сіздердің әрбіріңіздің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесінде мемлекетіміздің нығаюына өзіндік үлес қосуда. Бірлік-берекеміз жарасып, көк Туымыз әрқашан биікте асқақ желбіресін!

Ізгі тілекпен, Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов