Атырау облыстық оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты

NCOC компаниясы мүгедектерді оңалту орталығына Tymo system және Pablo аппаратын табыс етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жаңа құрылғылар инсульттан кейін ми мен жұлынға келген зақымды және параллез, склероз ауруларын анықтап, нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.

- Сондай-ақ, бұл құрылғы науқастардың тепе-теңдігін қалыпқа келтіруге, яғни аяқ-қолында әлсіздік, жансыздануы бар адамдарды оңалтуға көмектеседі, - деді орталық директоры Ғалия Бижанова.

Анықтама үшін: 55 орынға арналған орталық жыл сайын 1 мыңға жуық науқасты қабылдайды. Оның 35-і стационарлық , қалған 20-сы күндізгі бөлімде ем алады. Орталықта барлығы 83 маман қызмет етеді.

Сәуле МАҒАУ