Мұрат Өтешов Жапақ Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейіне барып, Қазақстанда алғашқы АЭС салуға қатысты референдумда өз дауысын берді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық ардагерлер ұйымында 66 мыңнан астам мүше бар. Мұрат Өтешовтың сөзінше, бұл саяси науқанның ардагерлері үшін де маңызы зор. \
- Әрбір Қазақстанның азаматы сайлауға, дауыс беруге референдумға қатысуына Конституция принциптерді анықтап берген. Біздің аға ұрпақ қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысып жүр. Бүгін де бұл референдумға қатысуды жөн көрдік, - деді Мұрат Өтешов.
Айта кетейік, № 10 учаскеде 1722 дауыс беруші тіркелген.