Атырау қаласының Құрметті азаматы Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры мәлім етті.
"Қадірлі ағайын! Қазақ театр және бейнелеу өнері ауыр қазаға ұшырады. Бүгін көрнекті суретші - модельер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Атырау қаласының Құрметті азаматы Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол ұзақ жылдар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында қоюшы-суретші, Бас суретші болып еңбек етті. Саналы ғұмырын саф өнердің ыстығы мен суығына арнап, сахнада жүзден астам қойылымның сценографиясын жасады. Сұлулыққа жаны құмар өнер иесі тұтас бірнеше ұрпаққа эстетикалық тәлім берді. Гүлмаржан апайдың есімі қазақ өнері тарихымен бірге жасай беретініне сенеміз. Марқұмның бауырларына, ағайын-туыстарына және ұлы Алмат Оспанұлына қайғыра көңіл айтамыз!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ