Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры тағайындалды

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Мұрат Әбиұлы Досмұратов тағайындалды.

Жаңа басшыны кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов таныстырды.

 Мұрат Досмұратов 1985 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын "инженер-химик-технолог" мамандығы бойынша бітірді, 1990 жылы осы оқу орнында техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

 Әр жылдары "KPI" ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры, "Біріккен химиялық компания" ЖШС техникалық даму қызметінің бастығы, "KPI" ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары қызметтерін атқарды.

  Осыған дейін "KLPE" ЖШС басқарма төрағасының жобалар бойынша орынбасары болды.