Қазан-қараша айына жоспарланған СМГ өндіру көлемі жөнінде «АМӨЗ» ЖШС жөндеу жұмыстары басталмас бұрын Энергетика Министрлігі мен Атырау қаласының әкімдігіне ресми түрде хабарлады.
Атырау облысында орын алған сұйытылған мұнай газының (әрі қарай - СМГ) тапшылығына қатысты хабарлаймыз: «Атырау МӨЗ» ЖШС-нің өндірістік бағдарламасы ай сайын жасақталады. Зауытта жүргізіліп жатқан жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын ескере отырып жасақталған өндірістік бағдарламаға сәйкес, 1-8 қараша аралығындағы СМГ өндіру көлемі 427 тоннаны құрады. 9 қарашадағы көрсеткіш бойынша 640 тонна СМГ өндіріліп, жөнелтілді. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 212 тоннаға артық. СМГ-ны өндіру көлемін арттыру жөндеу жұмыстары кезінде облыста газ дефицитін болдырмау үшін жасалған. Бұған қосымша облысты СМГ-мен қамтамасыз ету үшін 9 қарашадан бастап «ПХСНГ» ЖШС-де қазан айынан бері зауыттың техникалық қажеттіліктері үшін сақтаулы тұрған 270 тонна СМГ жөнелтіле бастады. Қазан-қараша айына жоспарланған СМГ өндіру көлемі жөнінде «АМӨЗ» ЖШС жөндеу жұмыстары басталмас бұрын Энергетика Министрлігі мен Атырау қаласының әкімдігіне ресми түрде хабарлады. Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін АМӨЗ-де СМГ өндіру көлемі тәулігіне 350-400 тоннаны құрайды деп күтілуде.
Баспасөз-бөлімі