Әлеуметтік желілде желдей ескен құқықбұзушылықтарға қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов айтты.
– Атырау облысы бойынша экология департаментімен «АМӨЗ» ЖШС-не катысты 9 ай ішінде 4 жоспардан тыс тексеріс және 1 профилактикалық бақылау жүргізілді, - дейді спикер. – Оның шінде: Бірінші жоспардан тыс тексеріс Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімімен ағымдағы жылдың қаңтар айында «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс жүргізуге негіз болған биологиялық тазарту қондырғысынан құрамында үлкен концентрацияда биошламы бар сарқынды өндірістік сулардың нормативті тазартылған арна арқылы булану алаңына ағызғандығы. Аталған факті бойынша «АМӨЗ» ЖШС-гі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 327-1 бабының 1 бөлігімен, 328 бабының 1 бөлігіменжәне 331 бабының 1 бөлігіменәкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 31 233 349 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Департаментпен үшінші жоспардан тыс тексерісағымдағы жылдың сәуір айында жүргізілді. Тексеру барысында, «АМӨЗ» ЖШС тарапынан 4 заң бұзушылық анықталып, ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328 бабының 1 бөліміне сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асырғаны үшін 55 949 764 теңге айыппұл салынды.
Профилактикалық бақылау ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті мамандарының қатысуымен жүргізілді. Аанықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама беріліп, ӘҚБтК 324 бабының 1 бөлігімен, 326 бабының 1 бөлігімен, 327-1 бабының 1 бөлігімен, 328 бабының 2 бөлігімен және 344 бабының 3 және 4 бөлігімен жалпы сомасы 6 993 217 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 27 шілдесінде сағат 17:07 шамасында «KEGOC» АҚ-да орын алған апаттық жағдайларға байланысты АМӨЗ электр қуатысыз қалып, салдарынан газдар алауда жағылған. Аталған факті үшін АМӨЗ» ЖШС-гі ӘҚБтК 328 бабының 3 бөлімімен АМӨЗ-на қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін бір жыл ішінде жүйелі түрде (екі реттен көп) асырғаны үшін экологиялық рұқсаттың қолданысын 1 айға тоқтата тұрып, ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін 5 626 100 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Алайда, Атырау облыстық сотының қаулысымен Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 29.09.2022 жылғы қаулысы жойылды және ҚР ӘҚБтК 328-бабының 3-бөлігі бойынша «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс аса қажеттілік жағдайында іс-әрекеттің жасалуына байланысты тоқтатылды. Қазір Департамент Атырау облыстық сотының қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарауға кассациялық наразылық беру үшін Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жолдады. Осылайша, 2022 жылдың 12 ай қорытындысымен «АМӨЗ» ЖШС-не Экологиялық кодекс талаптарын бұзғаны үшін жалпы көлемі 100 672 074 теңге әкімшілік айыппұл салынды.