Атырау мұнай өңдеу зауыты алаудың жану себебін түсіндірді

Зауыт басшылығы алаудың жануын «KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауымен байланыстырды, деп хабарлайды ATPress.kz.

«KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмай, осыған байланысты бүкіл зауыттың авариялық тоқтауы орын алды. Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады" дейді зауыттың баспасөз қызметі.

 Тағы бір айта кетерлігі, «KEGOC» АҚ-ның бұл тоқтауы жоспардан тыс және бұл өндірістің жұмысына кері әсер ететін көрінеді.

   Еске салайық, Атырауда мұнай өңдеу зауытының мұржасынан алау жанып, ол желілерде қызу талқыланып жатыр. Тұрғындардың дені соңғы уақытта қалада ауаның ластануы көбейгенін айтады.